Германияның Daimler AG автомобиль өндіру концерні банктермен құны кем дегенде 10 млрд еуроны құрайтын жаңа несие желісін тарту туралы келіссөздер жүргізде.
Компания мұндай қадамға COVID-19 салдарынан туындаған сұраныстың төмендеуі мен өндірістің жабылуына жол бермеу мақсатында барып отыр деп хабарлайды Bloomberg агенттігі. Бұл қаржының көлемі 10 миллиард еуродан 15 миллиард еуроға дейін болжанып отыр. Әзірге мәмілеге қатысты нақты деректер жария етілмеген.
Екі жыл бұрын компания халықаралық банктер тобымен 11 миллиард еуро көлемінде несие желісіне қол жеткізіп, оның аясында 2025 жылға дейін қаржыландыруды қамтамасыз етіп отыр. Яғни, бұл несиеге қосымша жаңа несие желісі жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта коронавирустық пандемияға байланысты Еуропада және АҚШ-та Mercedes-Benz кәсіпорындарының жұмысы тоқтатылды. Компанияның құрамы 2019 жылдың аяғында бүкіл әлем бойынша 298,66 мың адамды құрады, олардың 173,8 мыңы Германияда, 25,8 мыңы АҚШ-та және 4,44 мыңы Қытайда жұмыс істейді. Соңғы үш айда автомобиль өндірушінің нарықтық құны 40% -дан астамға құлдырады және қазір шамамен 31,8 млрд еуроны құрайды.
АЛМАТЫ